Қарағандыда кассир жолаушылардың билетін қайтарып, ақшасын өзі алып алған

/
Қарағандыда кассир жолаушылардың билетін қайтарып, ақшасын өзі алып алған
istockphoto.com

Жолаушы әйел алдын-ала 240 мың теңгеге төрт әуе билетін сатып алған. Алайда ұшып кететін күні әуежайда тіркелу кезінде екі билетінің өз келісімінсіз қайтарылғанын білген, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, материалдық шығын 140 мың теңгені құрады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол – 53 жастағы билет кассасының қызметкері болып шықты. Әйел өз кінәсін мойындап, жауап берді. Тергеу барысында полицейлер осыған ұқсас тағы 16 құқық бұзушылық дерегін анықтады. Барлық жәбірленушілер теміржол билеттерін сол кассирден сатып алған, алайда сапар жүзеге аспаған – билеттер қайтарылып, ақшасы кассирдің қалтасына түскен», – деп мәлімдеді ведомство.

Азаматтарға келтірілген жалпы материалдық шығын 2 млн теңгеден асты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс материалдары сот қарауына жіберуге дайындалып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары