Қайғылы жағдай Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл ауылында болды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Апат күндіз болған. Алдын-ала деректер бойынша, велосипед мінген бала жол бойымен келе жатқанда, сол бағытта қозғалып бара жатқан жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі – «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.