Ақтау көшесінде жалаңаш жүгірген ер адам жазаланды

/
Ақтау көшесінде жалаңаш жүгірген ер адам жазаланды
видеодан скриншот

Ақтаудың 6-ықшам ауданында ер адам өзін дұрыс ұстамай, жолдың үстінде жүгіріп бара жатып, киімін шешіп тастаған, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Желі қолданушылары жариялаған бейнежазбадағы ақпаратқа сәйкес, оқиға 24 шілде күні түнгі 02:35-те болған. Кадрда ер адамның көліктерге мән бермей, жол ортасымен жүгіргені көрінеді. Кейін ол киімін шешіп, белгісіз бағытқа кеткен.

Өңірлік полиция оқиғаның болғанын растады. Құқық бұзушы ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, арнайы қабылдау орнына қамалған.

«Аталған ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке арнайы қабылдау орнына қамалды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары