ШҚО-да Бұқтырма су қоймасы жағалауында балық ресурстарын аса ірі мөлшерде заңсыз аулау фактісін анықтады,деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға орнында бес күдікті ұсталып, полицейлер қайықтар, автокөліктер және балық тасымалдауға арналған тіркемелер тәркіленді.
Заң бұзушылар жалпы салмағы 733 келі болатын әртүрлі балықты ұстаған. Атап айтқанда: сазан, шортан, көксерке, қаракөз және табан. Келтірілген шығын мөлшері шамамен 5 миллион теңге деп бағаланды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция "Заң және Тәртіп" қағидаты бойынша әрекет ете отырып, азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырады және балықты заңсыз аулау әкімшілік жауапкершілікпен қатар, қылмыстық жауапкершілікке де әкеп соғатынын ескертеді.