«Айзаттың туыстары көмек сұрады»: Руслан Өтепбай Жетісу облысындағы оқиға туралы айтты

/
«Айзаттың туыстары көмек сұрады»: Руслан Өтепбай Жетісу облысындағы оқиға туралы айтты
Коллаж: Turkystan.kz

Белгілі журналист Руслан Өтепбай Талдықорғанда болған жантүршігерлік оқиғаны зерттеуге барғанын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін 22 маусымда Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманованы күйеуі арқанға байлап, жылқымен сүйреткені туралы жазған болатынбыз. Келіншек ауыр соққылардан қаза тапқан. Ер адам әйелін алдымен ата-анасының үйіне, кейін ауруханаға апарып тастаған. Алайда Айзатқа көмек кеш көрсетілгендіктен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Руслан Өтепбайдың айтуынша, марқұмның туысқандары хабарласып, көмек сұраған.

"Айзат Жұманова 22 маусым күні көз жұмды. Оқиға Жетісу облысы, Баласаз ауылында орын алған. Марқұмның ата-анасы әділдік іздеп, шырылдап жүр. Олардың айтуынша күйеубала 32 жасар келіншекті азаптап өлтірді деп санайды. Журналистік зерттеумен Жетісу облысына келдім. Үлгеріп жатсам толық шығарылымды бүгін YouTube арнама жүктеймін", – деп жазды Руслан Өтепбай.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары