Қазгидромет 24-26 шілдеге арналған ауа-райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклон жылжып, соның әсерінен жаңбыр мен найзағай, ал батыста, солтүстікте, орталықта – қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі», – делінген хабарламада.
Шығыста, оңтүстік-шығыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте шаңды дауылмен қатар.
25-26 шілде күндіз батыста, Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аптап ыстық 42 градусқа дейін күтіледі.
24 шілде күндіз батыста, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста 35-38 градус қатты ыстық болжанады. 24-25 шілдеде республиканың орталығында 35-38 градус, оңтүстікте 40-42 градус, 24-26 шілдеде оңтүстік-шығыста 35-39 градус, 25-26 шілдеде шығыста 35-38 градус, 26 шілдеде солтүстікте 35 градус күтіледі.