Қазақстан теннис құрамасының өкілі Юлия Путинцева АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің екінші кезеңіне өте алмады, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Жарыстың алғашқы айналымында Путинцева Жапонияның танымал спортшысы Наоми Осакамен кездескен болатын.
Кездесу Наомидің пайдасына 6:2, 7:5 есебімен аяқталды.
Келесі кезеңде Осака Ұлыбритания өкілі Эмма Радуканумен шеберлік байқасады.