Қазақстандықтардың төлқұжатында жаңа элемент пайда болады

/
Қазақстандықтардың төлқұжатында жаңа элемент пайда болады
Үлгі. фото: ІІМ

Қазақстандықтардың төлқұжатында жаңа қорғау элементі пайда болады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеді. 

"Ұлттық төлқұжатты қорғау деңгейін көтеріп жатырмыз. Біздің азаматтар визасыз 43 елге бара алады. Қазақстандық паспорт халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Қажетті қорғау элементтерін одан әрі жетілдіріп жатырмыз (фотодағы аты мен тегі микромәтін түрінде көрсетіледі)", — деді Бауыржан Әленов Үкімет отырысында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары