21 шілде күні сағат 19:30 шамасында Ақтаудағы демалыс базасы маңында ірі жол апаты болды.
Mercedes көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, ЗИЛ автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан ЗИЛ аударылып кетті. Апаттан 31 және 44 жастағы екі ер адам зардап шекті, бірақ олар ауруханаға жатудан бас тартты.
Mercedes жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша жауапқа тартылды. Оған 157 280 теңге айыппұл немесе 9 айға дейін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.
Көлік арнайы тұраққа қойылды.