Астанада ер адам тар карнизбен жоғары көтеріліп, көпқабатты үйдің ашық терезесінің шетінде отырған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқырмандар жіберген видеода ер адамның қабырға бойымен абайлап қозғалып, шығыңқы жерлерден ұстап келе жатқаны көрінеді. Ол ашық терезеге қарай бет алып, оның шетінде отырған балаға жақындап бара жатыр.
Оқиға Қордай көшесінде орын алған. Болған жайды өтіп бара жатқан адамдар бақылап тұрған.