Индонезияда 280 адам мінген кеме отқа оранды

/
Индонезияда 280 адам мінген кеме отқа оранды
Фото: Х/JohnCremeansX

Индонезияда 280 адам мінген жолаушылар паромы отқа оранды, деп хабарлайды turkystan.kz Sputnik.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Құтқару мен іздестіру бойынша аймақтық басқарманың мәліметіне сәйкес, "KM Barcelona 5" кемесі Манадо қаласына жақын жерде өртенді.

"Апаттан кем дегенде үш адам қайтыс болды, шамамен, 150 жолаушы құтқарылды. Оларды құтқарушылар командасы мен жергілікті балықшылар алып шыққан", - дейді құтқарушылар.

Іздестіру операциясы жалғасып жатыр. Оған екі кеме мен қайықтар тартылды. Отқа оранған паромда 280 адам болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары