Сел қаупі бар

Сел қаупі бар
сурет: istockphoto.com

Еліміздің таулы аудандарында сел қауіпті басталды. Ауа тем­пературасының жоғарылауына және таулы аймақта нөсерлі жаңбырдың түсуіне байланысты мұздықтар қарқынды еріп, көлдерге  құйылып жатыр.

Қазір 78 тұрақты және 39 маусымдық (жазғы) бақылау бекетінің, оның ішінде мұздақ көлдердің қалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде. Бақылау бекеттері тәулік бойы жұмыс істейді, жағдайдың кез келген өзгерістеріне үздіксіз мониторинг жасалып, жедел ден қойылуда. 
ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ қызмет­керлері сел қаупін болдырмау және халық­тың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биік таулы аудандарда алдын алу іс-шараларын жүргізуде. 
«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағын тарта отырып, авиациялық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, мұздақ көлдерде маусым­дық гидробекеттер ашылды, бақылау­шылар, барлау және жұмыс бригадалары, сондай-ақ қажетті жабдықтар жеткізілді.
Ықтимал қауіпті көлдерде су деңгейін қауіпсіз белгілерге дейін төмендету жұ­мыс­тары басталды. Сонымен қатар ма­мандар көлдердің су астындағы релье­фін егжей-тегжейлі зерттеуге және олар­дың қазіргі жағдайын бағалауға мүм­кіндік беретін батиметриялық түсірілімдер жүргізді.
«Қазселденқорғау» ММ сел және көш-
кін қаупі бар учаскелер мен селден қорғау газ тур­биналы қон­дыр­ғыларына үнемі тексеру жүргізеді. Сел жағ­дайын және мұздақ биік таулы көлдердің жай күйін фондық бағалауды анықтау үшін аэро­визуалды зерттеу жүргізіледі. Қазір «Қаз­селден­қорғау» ММ қызмет көр­сететін аумақтарда тұрақты сел қаупі сақталуда.
Сел қаупі бар аймақтардағы халықты ық­ти­мал қауіптер туралы ақпараттандыру мақ­сатында таулы жерлерде тұрғындар, туристер мен демалушылар арасында түсін­діру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты ТЖМ таулы жерлерде демалу мен туристік жорық­тарды ұйымдастыру кезінде барлық сақтық шараларын сақтауға шақырады. Ағымдағы және болжамды гидрометеоро­логиялық жағдайды нақтылау, сақтық шараларын сақтау және сел қаупі бар кезеңде және сел ағынынан өту кезінде таулардағы жүріс-тұрыс ережелерін білу маңызды.

А.БИМЕНДІ

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары