Астанада автобуста қарт кісімен жанжалдасқан қыздың видеосы тарады (ВИДЕО)

/
Астанада автобуста қарт кісімен жанжалдасқан қыздың видеосы тарады (ВИДЕО)
Ашық дереккөзден

Астанада тағы да қоғамдық көлікте жанжал шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба жұртшылықтың қызу талқысына түсті. Бұл жолы дау автобус салонында шыққанымен, орын үшін емес, басқа жағдайға байланысты болды.

Оқиға елордада орын алған. Бейнежазба авторының айтуынша, егде жастағы ерлі-зайыптылар автобус жүргізушісінен көлікті белгіленбеген жерде тоқтатуды сұраған. Алайда жүргізуші ережеге сәйкес әрекет етіп, өтініштен бас тартқан. Осы кезде салонда болған бір бойжеткен жүргізушіні қолдап, араласуға тырысқан. Алайда бұл қадам жанжалдың өршуіне себеп болған.

Қазіргі уақытта бейнежазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен тарап, түрлі пікірлер тудыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары