2025 жылғы 17 шілде күні шамамен сағат 17:30-да Жетібай маңындағы жолда қарсы бағытқа шыққан жеңіл көлік апатқа ұшырап, қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Toyota Camry көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан жеңіл көліктің 1981 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.