Алматы облысының Шелек ауылының тұрғыны әйелін полицияға арызданбақ болғаны үшін оны соққыға жыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Роликті Egovpress Telegram арнасы жариялады. Есірткіге тәуелді күйеуі келіншекті полицияға жүгінетінін айтқаннан кейін ұрып-соққан. Әйелдің мұрны сынған, құлағы зақымданып, есту қабілетінен айырылған.
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіншебұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған жұмыстардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция.