Боксшы Махмұд Сабырхан ғылыми атақ алды

Боксшы Махмұд Сабырхан ғылыми атақ алды
жеке парақшасынан

Бокстан әлем чемпионы, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан ғылым магистрі атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Instagram желісіндегі жеке парақшасында спорт менеджменті мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

"Ассалаумағалейкум. Мұхтар Әуезов атындағы университетте Спорт менедженті білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі атандым!
Білім нәрімен сусындатқан барша мұғалімдеріме алғыс білдіремін. Еңбектеріңіз жана берсін!
Білімдіге дүние жарық дейді дана қазақ. Бұл оқу орнында алған білімім алдағы өмір жолында пайдаға асады деп білем!", – деп жазды боксшы. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары