Астаналық тұрғын Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген

/
Астаналық тұрғын Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген
Polisia.kz

Астанада Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген ер адам ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, Сығанақ көшесіндегі аллеяда 49 жастағы ер адам конструкцияны сындырған және ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың нақыл сөздері жазылған плакатты жыртып тастаған. Ол өз әрекетімен қоғам мен мәдени құндылықтарға ашық түрде құрметсіздік танытып, көрнекті тарихи тұлғаның рухына нұқсан келтірді. Мұндай қадам қоғамда наразылық тудырып, мәдени мұра нышанын қорлау ретінде бағалануы мүмкін.

«Аталған факт бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері бөтен мүлікті қасақана бүлдіру бойынша 131 құқық бұзушылық тіркелген.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, мүлікті әдейі бүлдіруге бағытталған кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді. Полиция азаматтарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарап, құқық бұзушылықтар туралы “102” арнасына дереу хабарлауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары