Әнші Айгүл Иманбаеваға күйеуі мәһрге көлік сыйлады. Айдана Байтұрсын есімді желі қолданушысы әншіге берілген сыйлықты көрсетті.
«Жездем Айгүл Иманбаеваға жаңа көлік сыйлады. Әлі нөмірін де алмаған», – деп жазды ол.
Одан кейін әнші сыйлық туралы пікір білдірді.
«Мәһрге сұрағаным Lamborghini көлігі еді. Соны алып беруге уәде еткен. Әзірге Tesla-ны міне тұрамын. Ол жұмысқа өзінің көлігімен барады. Менің енді өз көлігім бар», – деп ағынан жарылды әнші.