Желіде 83 жастағы қоғам белсендісі Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені түсірілген видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz сайты "Криминальный Казахстан" телеграм арнасына сілтеме жасап.
Аталған оқиғаның салдарынан жәбірленушінің жамбасы сынған.
Алматы полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Амантай қажы атымен танымал Амантай Хантемірұлы Асылбек антиядролық қозғалыс белсендісі. "Аттан, Қазақстан!" қозғалысының жетекшісі. Ол Қазақстандағы президенттік сайлауға өз кандидатурасын бірнеше рет ұсынған.