"118 еуроға тіктіріп, 3 000 еуроға сатқан": Loro Piana қымбат киімдерді қытай шеберханаларында тіккізген

/
"118 еуроға тіктіріп, 3 000 еуроға сатқан": Loro Piana қымбат киімдерді қытай шеберханаларында тіккізген
сурет: Lionel BONAVENTURE / AFP/File

LVMH тобына кіретін люкс-бренд Loro Piana жылдар бойы өзінің қымбат киімдерін Миландағы жасырын қытай шеберханаларында тіккізген. Бұл туралы La Repubblica жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құжаn бойынша, мигрант жұмысшылар күніне 18 сағаттан жұмыс істеп, тігін станоктарының жанында ұйықтаған. Мысалы, бір күртешенің өзін Loro Piana 118 еуроға тіктіріп, кейін дүкендерде 3 000 еуродан бастап сатқаны анықталған. Яғни, өндіріс құнынан шамамен 25–30 есе қымбатқа өткізген.

Милан соты Loro Piana-ға сырттай басқару енгізді. Бұл Италияда еңбек құқығын бұзғаны үшін мұндай жазаға тартылған бесінші люкс-бренд болып отыр. Бұған дейін дәл осындай жағдайлар Dior, Armani, Valentino және басқа сән үйлерінде де анықталған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары