Астана – Бурабай тас жолында жол апаты болды

/
Астана – Бурабай тас жолында жол апаты болды
скриншот

Әлеуметтік желіде Астана – Бурабай тас жолында болған жантүршігерлік жол апатының салдары түсірілген видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнежазба авторының айтуынша, Toyota Estima көлігінің жүргізушісі жол бойы телефонынан бас алмай, назарын соған аударып отырған, апатқа да сол себеп болуы мүмкін.

«Жүргізуші жол бойы телефонын шұқылап отырды. Нәтижесі мынау — көріп тұрсың не болғанын», – дейді видео авторы.

Желі қолданушылары пікірлерінде жолда қандай көлік жүргізсе де, жүргізушілердің жол ережесін сақтап, арақашықтықты ұстануы керектігін ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары