15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Вьетнамға Қытай аумағы арқылы темір жол көлігімен экспортталды, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Қазақстан теміржолы» компаниясына сілтеме жасап.
Компания мәліметінше, астық жүгі Хайфон портына (Вьетнам) Достық және Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы жеткізілді.
Экспорт 2025 жылдың мамырынан шілдесіне дейін жүзеге асырылды.
ҚТЖ өкілдерінің сөзіне сүйенсек, Ақмола облысының Азат, Ақкөл және Көкшетау станцияларынан барлығы сегіз құрам құрылып, жөнелтілді.