Шымкент қаласы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұлтаралық араздықты қоздыру және насихаттау бабымен айыпталған азаматқа үкім шығарды, деп хабарлады turkystan.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылдың сәуір айында, Д. есімді азамат үйінде отырып, әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде қасақана ұлттық алауыздықты қоздыратын әрекеттер жасаған.
Прокурор соттан айыпталушыны бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұраған. Ал айыпталушы өз кінәсін мойындап, жазасын бостандықпен шектемей тағайындауды өтінген.
Сот үкімімен Д. кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.