"Жындармен байланысы бар": адамдар Лабубу ойыншықтарын жаппай өртеп жатыр

/
"Жындармен байланысы бар": адамдар Лабубу ойыншықтарын жаппай өртеп жатыр
сурет: Shutterstock/Facebook

TikTok-та тараған теория салдарынан әлемнің әр түкпіріндегі адамдар танымал Лабубу ойыншықтарын жаппай өртеуге кірісті. Желі қолданушылары бұл сүйкімді көрінетін кейіпкердің артында қараңғы күш – ежелгі жын Пазузу тұр деп сенеді. Себеп – «Симпсоны» мультсериалы, деп хабарлайды turkystan.kz unilad.com-ға сілтеме жасап.

Пазузу – ежелгі шумер-аккад мифологиясындағы жын, көбінесе оба мен ауру таратушы ретінде сипатталады. 2017 жылы шыққан «Симпсондар» сериясында Гомер қателесіп, интернеттен Пазузу мүсінін тапсырыс беріп, нәтижесінде қызы одержим күйге түседі. TikTok қолданушылары бұл эпизод Лабубуға сілтеме береді деп санайды – өйткені екі кейіпкердің де көздері жап-жасыл, ал күлкісі – құлақтан-ауызға дейін созылған біртүрлі гримаса.

TikTok-та таралған видео мен салыстырулардан кейін кейбір қолданушылар Лабубу ойыншығын зұлымдық символы деп есептеп, оларды жою қажет деп шешкен. Желіде өртеніп жатқан ойыншықтардың видеолары кең тарап, үрей одан сайын күшейе түсті.

Психологтар мен медиа зерттеушілер бұл құбылысты вирустық үрейдің және әлеуметтік желі арқылы тарайтын ұжымдық сенімнің классикалық мысалы деп бағалауда. Кейбіреулер бұл науқанның артында маркетинг тұр деп болжайды: не болмаса қара пиар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары