Ақтөбеде көлік тізгіндеген мас зейнеткер бағанға соғылды

/
Ақтөбеде көлік тізгіндеген мас зейнеткер бағанға соғылды
видеодан скриншот

Opel Astra көлігінің 68 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көше жарығы тіреуіне соғылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көліктегі 19 жастағы жолаушы зардап шекті.

«Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал көлік коммуналдық тұраққа қойылды», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы – “Көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқару” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары