Ақтауда жоғалып кеткен зейнеткер өлі табылды

/
Ақтауда жоғалып кеткен зейнеткер өлі табылды

12 шілде күні итін серуендетуге шығарып, із-түссіз жоғалып кеткен 80 жастағы Валерий Каракозов Ақтаудағы бұрынғы Президент резиденциясының маңынан өлі күйінде табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұмның нақты өлім себебі әзірге жарияланған жоқ. Туыстарының айтуынша, Валерий Каракозов 12 шілде күні таңғы сағат 07:30 шамасында 12-шағынауданда итін серуендетуге шығарып, кейін байланысқа шықпаған.

Жақындары полицияның әрекетсіздігіне шағымданып, іздеуді өз беттерінше жүргізген. Олар бақылау камераларынан жазбаларды алып, қала тұрғындарынан көмек сұрап, ақпарат тарату жұмыстарын қолға алған. Іздеу жұмыстарының негізгі бөлігі отбасының күшімен жүргізілген.

Қазір осы оқиғаға байланысты тексеріс жүріп жатыр. Валерий Каракозов пен оның итіне не болғаны сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары