Ақтаулық екі жасар бүлдіршін көпшіліктің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

/
Ақтаулық екі жасар бүлдіршін көпшіліктің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)
скриншот

Ақтаудағы екі жастағы патриот Нұрали Болаттың видеосы қазақстандықтарды тәнті етті, деп хабарлады turkystan.kz сайты ZTB News-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбада Нұрали автокөліктің артқы  жағында тік тұрып, қолын жүрегінің тұсына қойып, Әнұранын тыңдап тұрғаны көрінеді. Бүлдіршін ұйқылы-ояу күйде әрең тұрғанына қарамастан, мемлекеттік рәмізге құрметін білдіріп, әнұранды соңына дейін тыңдайды.

Анасының айтуынша, Нұралиді күн сайын атасы балабақшаға апарып отырады, ал жолда бала ұйықтап кетеді. Бірақ бұл жолы Әнұранды ести сала, көзін ашпастан орнынан тұрып, соңына дейін тыңдап шыққан.

Бұл әсерлі сәт көпшіліктің жүрегін тебірентіп, желі қолданушалырының ықыласына бөленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары