Ақтауда жоғалып кеткен зейнеткер 3 күннен бері табылмай жатыр

/
Ақтауда жоғалып кеткен зейнеткер 3 күннен бері табылмай жатыр
istockphoto.com

Ақтауда 80 жастағы Валерий Каракозовты іздестіру жұмыстары үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Ол 12 шілде күні таңғы сағат 07:30-да итін серуендетуге шығып, үйіне қайта оралмаған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, полицияға жоғалғаны туралы арыз дәл сол күні берілген. Алайда отбасы мүшелері тәртіп сақшылары тарапынан ешқандай белсенді әрекет болмағанын айтады.

— Үш күн өтті, бірақ нәтиже жоқ. Егер бақылау камераларын сол сәтте қарап шыққанда, әлдеқашан тауып үлгерер едік. Адам — шөп арасындағы ине емес қой! Оның үстіне, Ақтау — алып қала емес, – дейді зейнеткердің жақындары.

Үміттері үзіле бастаған туыстары өз бетінше іздеуді бастаған. Олар 12-шағынаудандағы №51 үй маңындағы дүкеннің бейнебақылау камерасынан Валерий Каракозовтың бейнесін өздері тауып алған. Қазір олар қала тұрғындарынан осы жазбаны таратуға көмек сұрап отыр.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары