«Анам бір нәрсені 5 рет қайталайды»: Сәкен Майғазиев жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

/
«Анам бір нәрсені 5 рет қайталайды»: Сәкен Майғазиев жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев Ләйлә Сұлтанқызына анасы жайлы жан тебірентер сұхбат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Анам 88-ге келді ғой. Бірақ өзін 94-темін деп айта береді. Бір нәрсені 5 рет қайталайды, ұмытып қалады. Есте сақтау қабілеті кетіп бара жатыр. Енді шыны керек былтыр әпкемізден айырылған кезде бір үйден кейін анам тұратын. Біз тұрамыз бізден кейін бір үйден кейін әпкем мен жездем тұрады 5 бала-шағасымен, немерелерімен. Әпкем күніне 2 рет кетпей қоймайтын анама. Бір дәмді тамақ істесе де ала келеді. бала шағалары да нағашы әжелеріне келеді. Сонда жанымдағы жарығым деп отыратын ең үлкен әпкемізді. Ол кісі 1958 жылғы болды әпкеміз. Сол кісіге арқа сүйеп үйреніп қалған ғой анам. Әпкем кеткеннен кейін мүлдеп сынып қалды анамыз. Алматыға жүріңіз, кеттік деп әпкем тірі кезде алып кете беретінмін. Қазір енді қызы қайтыс болғанда жүргені несі деген оймен сол күйі қалып қойды. Ары-бері жүрмейд, ешқайда шықпай қалды. Негізі кез-келген ата-аналары тірі адамдарға айтатыным отырғызбау керек. Ары-бері жүргізе беру керек, қыдырту керек, тойға апару керек. Ләйләға сол үшін риза боламын. Анасымен бағдарлама түсіріп, ойын біліп. Қазір төселіп қалды, камерадан да сескенбейді. Сен үлгі болып жүрсің. Әке-шешеміз тірі кезде анда-мында апару керек, қыдырту керек. Бүркітке риза болдым, одан кейін Ерке Есмахан өз анасын Төрештің тойына алып келді. Көзі тірісі кезінде Медеу Арынбаев, Дәулет Тұрлыханов, Жеңіс Ысқақованың анасын үйге шақырдым. Көп аналарды үйге шақыруға тырысамын. Сол жүргісі келмей қалды ғой. Былайша айтқанда өз-өзін тастай салды. Аталатпасаң да, боталатпа деген осы екен", - деді әнші. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары