Жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға арзандады - министрлік

/
Жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға арзандады - министрлік
istockphoto

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны бәсеңдеп жатыр, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.

Ведомство дерегінше, биыл алғаш рет апта ішінде аталған тауарларға бағаның өсуі тіркелген жоқ.

Өткен аптада бірқатар азық-түлік өнімдеріне баға төмендеді. Атап айтқанда арзандаған мына тауарлар:

жұмыртқа 1,2%-ға;

пияз 0,8%-ға;

сәбіз 0,6%-ға;

рожки мен күріш 0,1%-ға.

Сонымен қатар, жыл басынан бері ұн бағасы 1,7%-ға төмендегені байқалды.

"Өңірлер арасында баға индексінің төмендеуі Түркістан облысында – 0,2%, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 0,1 тіркелді. Ал Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Абай облыстарында баға индексі өзгеріссіз, нөлдік деңгейде қалды", - деп жазылған хабарламада.

Өңірлік комиссиялар анықтаған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді бақылау мақсатында белгіленген 15%-дық шекті сауда үстемесін асыру фактілері бойынша 1 872 әкімшілік іс қозғалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары