Жетісуда өзенге секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған қызды полицейлер құтқарып қалды

/
Жетісуда өзенге секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған қызды полицейлер құтқарып қалды
istockphoto

12 шілде күні таңғы сағат 04:30 шамасында Алматы – Өскемен тас жолының 240-шақырымында, Көксу ауданы Балпық би кентінің маңында полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған қыздың өмірін сақтап қалды.

Toyota көлігінің жүргізушісі Көксу ауданының учаскелік инспекторы Жұмабек Бақберген мен әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Марат Ұзақпаевқа жүгініп, Қапал – Көксу каналының жанында өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыз тұрғанын хабарлаған.

Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер 20-25 жас шамасындағы қызды анықтайды. Құтқарушылардың сөзіне қарамастан, ол өзенге секіріп кеткен.

Бірақ полицейлер бір сәт те кідірмей суға секіріп, ағыс бойымен жүзіп барып, қызды жағаға алып шықты. Құтқару операциясына патрульдік полиция инспекторы Қашкеев те қатысқан. Қыз аман қалды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, ол ата-анасына табысталды.

Оқиға сәті әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары