«Мөлдір қысым жасап жатыр»: Қабатовтың отбасына қатысты дау шықты (ВИДЕО)

/
«Мөлдір қысым жасап жатыр»: Қабатовтың отбасына қатысты дау шықты (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі дүйім жұрттан кешірім сұрап, бейнеүндеу жариялады. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін үнсіз жүруге келіскен екен. Алайда Мөлдір ханым тарапынан қысым күшейген соң, шыдай алмағанын айтты, деп хабарлайды Turkystan.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен мынау дүйім халқымнан кешірім сұраймын. Себебі фильм шыққанға дейін үндемей келдім. Арамызда қалады деп келіскенбіз. Бірақ мен жаққа Мөлдір ханымнан қысым болып жатыр. Оны Тұрсынбек те тоқтата алмай отыр. Менің жұмысым тоқтап қалды. Сондықтан амалсыздан үндеуімді жолдап отырмын», — деді ол.

Айтуынша, бастапқыда фильм шыққан соң бәрін жария етуге келіскен екен. Алайда күткен нәтиже болмағандықтан және жұмысын жүргізе алмай қалғандықтан, халыққа мәлімдеуге мәжбүр болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары