Қайғылы жағдай: Қырғызстанда қазақ боксшысы көз жұмды

/
Қайғылы жағдай: Қырғызстанда қазақ боксшысы көз жұмды
istockphoto

Қазақстандық бокста қайғылы оқиға болды. Жақында Ыстықкөлде шымкенттік спортшы Ибрахим Ирисматов суға батып көз жұмды. Ол 2003 жылы туған. Бұл туралы Kozachkov offside арнасы жазды.

Оқиға болған сәтте сол маңда 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқан.

Бокс федерациясының мәліметінше, қаза тапқан жігіт бұл жиынға қатыспаған, демалуға барып, басқа демалыс базасында тұрған. 9 шілде күні марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары