40 градус ыстық: Ертең елімізде ауа райы қандай болады

/
40 градус ыстық: Ертең елімізде ауа райы қандай болады
istockphoto

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 13 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Сотүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында дауыл күтіледі. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с. Облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 13 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 13 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, екпіні 15 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Өскемен қ.: 13 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, екпіні 15 м/с.

Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде 15-18 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан соғатын жел мен солтүстік-батыстан екпіні күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі облыстың орталығы мен оңтүстігінде, облыстың солтүстігінде, батысында және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе: 13 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік- шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 13 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 13 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысында онтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың онтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық, облыстың батысында, оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сакталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары