Елімізге белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей жақында ата-ана атанатын Елдос Колобок пен оның әйелі туралы айтып, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Блогер Елдос Калабоктың жаңалығы әлеуметтік желіні шулатты. Әйелі Таңшолпан екеуі 10 жылдан бері бедеу отбасы болды. Елдос сұхбатында проблема әйелінде емес, өзінде екенін айтты. Таңшолпан бедеу отбасыларға көмектесетін Ләйлә Сұлтанқызынан көмек сұрап, клиника бұл жұпқа көмектескен. Елдос шындықты айтудан қорықпаған ер адам. Бедеу отбасында проблема әйелден де, ерден де болады. Қоғам бірден әйел адамды кінәлайды. Бірақ Елдос проблема өзінде екенін бірден айтты. Ол ем жолдарын, күрестен өте білді. Көптеген ер адамдарға үміт сыйлады. Бұл әйеліне құрметтілік. Бедеулік ол үкім емес, оны шешуге болады. Ең бастысы — кінәңді мойындап, оны көтере білу», — деп жазды журналист.