Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

Бүгін, 12 шілдеде Қазақстанның бірнеше қаласында атмосфералық ауаның сапасына кері әсер етуі мүмкін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Алматы, Орал, Ақтөбе, сондай-ақ түнгі уақытта Атырау қаласында метеожағдайлар ауаның ластануына ықпал етуі мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) – атмосфералық ауаның төменгі қабаттарында зиянды немесе ластаушы заттардың шоғырлануына әкелетін қысқа мерзімді метеофакторлар (желсіздік, тұман, инверсия, әлсіз жел) жиынтығы. Мұндай жағдайлар кезінде елді мекендерде ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Мамандардың айтуынша, атмосфераның ластануына ықпал ететін негізгі факторлар – ауа температурасы, ылғалдылық, желдің жылдамдығы мен бағыты және жауын-шашын мөлшері. Осы көрсеткіштер қолайсыз қалыптасқан жағдайда, зиянды заттардың ауада ұзақ сақталуына себеп болады.

"Қазгидромет" тұрғындарға мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе балалар, қарттар және тыныс алу органдары ауруларымен ауыратын адамдарға сақ болуға кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары