Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

/
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Фото: freepik.com

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 526 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 12 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 520,93 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,68 теңге. Еуро — 609,07.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —521 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 609 сату құны — 613.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 526 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 607 теңгеден сатып алынып, 614 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,55— 6,70 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 11 шілде күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,46 теңгеге қымбаттап, 520,93 теңге болған. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары