Техаста су тасқынынан 120 адам қаза тауып, 160 адам жоғалып кетті

/
Техаста су тасқынынан 120 адам қаза тауып, 160 адам жоғалып кетті
Eric Vryn/Getty Images

АҚШ-тың Техас штатында су тасқыны салдарынан 120 адам қаза тауып, 160-тан астам адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады CNN.

Ең көп зардап шеккен – Керр округі, мұнда 96 адамның өлімі тіркелген, олардың 60-ы ересек, 36-сы – бала. Сонымен қатар, Mystic жазғы лагерінің бес тәрбиеленушісі мен бір жетекшісі әлі де іздестіріліп жатыр.

NASA зардап шеккен аумақтар бойынша нақты деректер жинау үшін екі ұшақ жіберді. Агенттік өкілдерінің айтуынша, ауа райының бұлтты болуына байланысты серіктік түсірілімдер қиынға соғуда, бірақ ұшақпен жасалатын рейстер жергілікті жағдайды нақтылауға көмектеседі.

Керр округінің тұрғындары қауіп туралы дер кезінде ескертілмегенін айтып, ашуын білдіруде. Олар дыбыстық дабыл жүйесін орнату туралы онлайн-петиция ұйымдастырды. Қазіргі таңда оған 40 мыңға жуық адам қол қойған.

Еске салсақ, су тасқыны 4 шілде күні таңертең, Гваделупе өзенінің арнасынан асып кетуінен басталған. Су деңгейі небәрі 45 минут ішінде 8 метрге көтерілген. Қайтыс болғандардың арасында Mystic лагерінің балаларымен бірге жетекшілер де бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары