Алматылық оқушы Гонконг университетінен шақырту алды

/
Алматылық оқушы Гонконг университетінен шақырту алды
fizmat_almaty

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 10-сынып оқушысы Әдемі Ғабитқызы Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Гонконг университетінен (EdUHK) ресми шақырту алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған университет білім беру технологиялары мен жасанды интеллект саласында алдыңғы қатарда.

Әдемі Гонконгқа сапары барысында университет басшылығымен және жасанды интеллект саласының жетекші профессорларымен кездесті.

Олардың қатарында Dr. Gary Cheng — LTTC атқарушы тең директоры, доцент, Dr. Henry So — LTTC директорының орынбасары, аға оқытушы бар.

Университет өкілдері Әдемінің терең білім деңгейіне, логикалық ойлау қабілетіне және жеке даму деңгейіне таңданыстарын білдіріп, оның дайындығын жоғары бағалап, Қазақстандағы білім сапасының биік екенін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары