Батыс Қазақстан облысында мектеп өртенді

/
Батыс Қазақстан облысында мектеп өртенді
скриншот

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданына қарасты Қараөзен ауылында интернат- лицей-мектебінде өрт шықты. Қызыл жалын 388 шаршы метр алаңда таралған, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің келтірген мәліметінше, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

«Интернат күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Сала мамандары қызыл жалынның шығу себебі анықталуда,- дейді ТЖД.

Өртті сөндіру үшін жеке құрамнан 13 адам, екі бірлік техника жұмылдырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары