Бүгін – ветеринарлар күні

/
Бүгін – ветеринарлар күні
istockphoto.com

2002 жылы 10 шілдеде «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 2024 жылы 10 шілдеде алғаш рет «Ветеринарлық қызметкер күні» аталып өтілді.

Ветеринариялық қызмет әрдайым эпизоотиялық салауаттылықты сақтау бойынша қиын және өте маңызды жұмыстарды атқарды. Оның негізгі міндеттері – эпизоотияға қарсы және емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін уақтылы жүргізу.

Нақты ветеринарлық мамандар күнделікті жұмысымен жануарлардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді және адамды аурулардан қорғайды, эпизоотиялық әл-ауқатты қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылғы 01 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Ветеринария – мемлекеттің биологиялық қауіпсіздік жүйесінің бір бөлігі екенін атап өтті.

Ветеринариялық қызметтің мақсаты – ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларының алдын алу және жою, олардың сақталуын және өнімділігін арттыруды қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсарту, сондай-ақ халықты адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау.

Уақтылы жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың және сапалы бақылауды жүзеге асырудың арқасында азаматтар мал шаруашылығының қауіпсіз өнімін тұтынады.

Ветеринарлық қызметкер күні-бұл қиын мамандықты таңдағандардың барлығына алғыс сөздерін айтуға қосымша мүмкіндік беретін мереке. Ветеринариялық қызметтің беделі барлық деңгейдегі мамандардың жанқиярлық, үйлесімді жұмысының арқасында жыл сайын нығайып келеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары