Әлеуметтік желіде Астанадағы аэродром аумағында әскери тікұшақта отырған әскери қызметшінің қолындағы қаруымен абайсыз қимылдап, қаруласын жарақаттап алғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы «Письма Президенту» телеграм каналында жарияланды.
«Астанадағы әскери авиациялық база аумағында қарумен ұстаған әскери қызметшінің қауіпсіздік шараларын сақтамауы салдарынан бір әскери қызметші жарақат алды. Жарақат алған адам бірден елордалық медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты», – деп жазылған ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.