Қайғылы жағдай 8 шілде күні сағат 17:30 шамасында болған. Ақтау–Маңғыстау бағытында қатынап жүрген автобус жүргізушісі 10 жастағы қыз баланы қағып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.
Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмған.
"Осы оқиғаға байланысты автобус жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік құралы тәркіленіп, айыптұраққа қойылған", – деп хабарлады облыстық полиция.
Қыз баланың реттелмейтін жаяу жүргінші өткелі арқылы жолды кесіп өтпек болғаны анықталған.