Қазақ тіліндегі балалар әдебиеті цифрлық форматқа көшіріледі

/
Қазақ тіліндегі балалар әдебиеті  цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақ тіліндегі балалар әдебиеті цифрлық форматқа көшіріледі. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

– Қазір электрондық кітапхананы құру жұмыстары «Қазақстан Республи­касының Ұлттық академиялық кітапха­насы» базасындағы «Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы» (бұдан әрі – «ҚазҰЭК») ақпараттық жүйесі шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Онда цифрлық форматқа аударылған отандық басылым­дар (сирек кездесетін кітаптар, қолжаз­балар мен мерзімді басылымдар) жинақ­талған. Бұл электронды кітапхана құжат­тарды жинау, жүйелеу, каталогтау жұмыс­тарын жүргізеді, сол арқылы цифрлық мұрағатты қалыптастырады. Бұл ретте «ҚазҰЭК» ақпараттық жүйесі қазақ тілін­дегі балалар әдебиетін цифрлық форма­т-
тауды жүргізеді, – деді Олжас Бектенов жауабында.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Сенат депу­таттарының балалар әдебиетін да­мы­туға арналған ұлттық стратегия қа­был­дау ұсынысына жауап берген еді.
Айта кетейік, «ҚазҰЭК» қорында ерте­гі­лер, батырлар жырлары, аңыз әңгімелер, мифтер, көркем әдебиет, энциклопедия­лар топтастырлған 1 309 балалар әдебиеті бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары