Кеше танымал болған Лабубу бүгін екінші орынға түсті. Қазір Қытай жастарының жүрегін жаулап жатқан жаңа кейіпкер бар – Вакуку (Wakuku). «Орман жауынгері» образына енген, монқұлақты, қалың қасымен ерекшеленетін бұл жұмсақ ойыншық қытайлық TikTok-та (Douyin) трендке айналды. Ойыншық саудаға шыққан соң бар болғаны 2 сағат ішінде сөрелерден түгел сатылып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz What’s on Weibo-ға сілтеме жасап.
Сарапшылардың айтуынша, жастар арасында сүйкімді ұсқынсыз бейнелерге деген қызығушылық артып келеді. Бұл – сыртқы келбетке, табысқа және идеал болуға бағытталған қоғам қысымына қарсы реакция. Вакуку осы эмоционалдық серпілістің символына айналды.
Wakuku – 2025 жылдың ең сәтті дизайнерлік ойыншығы атанып отыр. Оның табысы Labubu-мен салыстырылып жатыр. Екеуінің де артында гибридті маркетинг модельдері, жастар мәдениетіне бағытталған әлеуметтік медиа кампаниялар және эмоциялық байланыс тудыратын дизайн тұр. Егер Labubu жаһандық нарықта өз орнын алған болса, Wakuku келесі қытайлық тренд ойыншық ретінде танылып жатыр. Бұл құбылыс Қытайдың креативті экономикасының қазіргі жағдайын көрсетеді: жастар тұтынушыларының талғамы, трендтерді басқару қабілеті және мазмұн мен коммерцияны біріктіретін жаңа бизнес үлгілері.