Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

Бүгін, 9 шілде күні еліміздің бірнеше қаласында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Орал, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және түнгі уақытта Астана қалаларында ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық құбылыстар жиынтығы.

Мамандар мұндай жағдайда жергілікті тұрғындарға ұзақ уақыт далада болмауға, денсаулыққа зиян келтіретін әрекеттерден сақ болуға кеңес береді.

Айта кетейік, ластану деңгейіне желдің бағыты мен күші, жауын-шашын мөлшері, ауа температурасы мен ылғалдылық сияқты синоптикалық факторлар әсер етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары