Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері Алмас Өтешов отандық кино әлемінде бой көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жәй жәй бастап жатырмын. «Байгайстанда» бақ сынадым. Киноға түсу – бала күнімнен келе жатқан арманым. Ол да орындалып жатқан сияқты, шүкір!», – деп жазды А. Өтешов әлеуметтік желіде.
Желі қолданушылары оның бұл бастамасына қолдау білдірді.
"Осы бетіңнең қайтпа, бауырым! Бүкіл ел болып сені қолдаймыз. Төрге шығатыныңа еш күмән жоқ", "Кино-пино, ән-би, штанг-мштанг ұра бер. Бір жерді тесіп шығасың", "Сәттілік", "Таза әртіс екенсің ғой" деп жазды кейбір интернет қолданушылар.
Еске салсақ, бұған дейін Алмас Өтешов 6 айда ішімдіктен қалай құтылғанын айтқан еді.