Техас билігінің ақпаратынша, су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 82 адамға дейін өсті. Сонымен қатар, сейсмологтар жаңбырдың қайта жаууы мүмкін екенін ескертті.
CNN телеарнасының сюжетінде атап өтілгендей, Керр округінде қаза болғандардың қатарында кем дегенде 28 бала бар. Жалпы қайтыс болғандар саны әлі де өсуі мүмкін, өйткені штат бойынша төтенше жағдай қызметтері іздестіру-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Жексенбі кешіндегі мәліметке сәйкес, Техастағы су тасқыны салдарынан 50 адам қаза тапқан. Олардың басым бөлігі Керр округінде анықталған. Сондай-ақ, Трэвис округінде – 6, Бернетте – 3, Кендалл мен Уильямсонда – 2 адамнан, ал Том-Грин округінде – 1 адам қаза тапқан.
Билік өкілдерінің мәліметінше, Camp Mystic лагерінен он қыз бала және бір тәлімгер әлі де із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Техас штатының губернаторы Грег Эбботттың айтуынша, күтпеген су тасқындары кейбір аймақтар үшін әлі де қауіп төндіруде. Жаңа жауын-шашын болжануда. Билік Керр округіндегі Хант қауымдастығының тұрғындарын 7 шілдеде биік жерлерге көшуге шақырды.