Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түпқараған ауданының 21 жастағы тұрғыны Ғадылбек Құлжановтың Таушық ауылында TikTok желісі арқылы тікелей эфир жүргізіп, бейәдеп сөздер қолданғаны және айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты заңда көзделген шаралар қабылданды.
Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізу азаматтарды заң талаптарын сақтау міндетінен және құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді.
Қоғамдық тәртіпті бұзу, өзгелерге құрметсіздік таныту және бейәдеп сөздер қолдану заңнамада көзделген жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.