6-7 шілдеде ХҚКО-лар жұмыс істемейді

/
6-7 шілдеде ХҚКО-лар жұмыс істемейді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Қазақстанда 6-7 шілде күні елорда күніне байланысты ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл ретте, сенбі, 5 шілде күні кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау    12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, бір сағат бұрын аяқталады.

8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары